Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Институтте студенттермен таныстыру кездесуі өтті

Институтте студенттермен таныстыру кездесуі өтті
2025 жылғы 30 мамырда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавриат студенттері мен олардың оқытушысы Елена Леонидовна Нечаевамен таныстыру кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҚЭЗИ қызметкерлері студенттерге Институттың құрылымы мен негізгі жұмыс бағыттары жөнінде ақпарат берді. Атап айтқанда, этносаралық қатынастарды мониторингтеу, социологиялық және сараптамалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ этносаралық саясат саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалық құжаттарды іске асыруға қатысу мәселелері таныстырылды.

Кездесу аясында ғылым мен практиканың өзара байланысы, мемлекеттік саясат жүйесіндегі талдау орталықтарының рөлі және жас мамандардың кәсіби дамуының мүмкіндіктері сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Институт студенттер арасында зерттеу қызметін насихаттау және саясаттану мен этносаралық зерттеулер саласында кадрлық әлеуетті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

 

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар