Семинардың модераторы – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мағауиқызы Мұсатаева болды.
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Гапиржанұлы Сатвалдиев алғы сөз сөйледі.
Айгүл Садвокасова «Этносаралық саладағы қоғамдық дискурста қолданатын терминдер туралы» тақырыбында сөз сөйледі. ҚЭЗИ Этносаралық ахуалды мониторингілеу орталығының директоры Гүлдана Оқасова «Этносаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік шиеленісті жариялау барысындағы журналистік этиканың психологиялық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Аталған орталықтың жетекші менеджері Жұлдыз Кәрім медиакеңістікте этносаяси терминологияны қолдану ерекшеліктері жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ ҚЭЗИ Ксенофобия проблемаларын зерттеу орталығының директоры Аяулым Сағынбаева «Медиакеңістіктегі демографиялық және этнодемографиялық жағдайды жариялаудың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар БАҚ өкілдері өз тәжірибе алмасып, этносаралық тақырыптарды кәсіби әрі жауапкершілікпен жариялау жолдарын талқылаған тиімді алаң болды.