Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Ақтөбеде «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық конференция өтті

Ақтөбеде «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық конференция өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақтөбеде «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық этномедиация кеңесінің мүшелері, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген делегаттар, өңірлік Ассамблея өкілдері, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

ҚЭЗИ директор орынбасары, ҚХА ҒСК төрағасы Айгүл Садвокасова Конференция аясында «Этномедиация институтын дамытудың ғылыми-әдістемелік негізі және практикалық кейстер» тақырыбында сөз сөйледі.

Конференция барысында қатысушылар этномедиация саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту, жүйелеу және этносаралық келісімді нығайту жолдарын талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша этномедиация саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде өзекті ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсыныстар қазіргі тәжірибелерді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі этносаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар