Конференция аясында шақырылған қонақ және спикер ретінде ҚЭЗИ директорының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Садвокасова сөз сөйледі.
Аталған іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Конференция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін ұйымдастыру және іске асыру бойынша жемісті жұмысты жалғастыру үшін талқыланған мәселелерге қатысты бірқатар конструктивті ұсыныстар енгізілді.