Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Астанада ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының отырысы өтті

Астанада ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының отырысы өтті
2024 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласындағы Достық үйінде ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және ҚХА аясында этносаралық келісімді дамыту мен ғылыми қызметке қызығушылық танытқан жас ғалымдар қатысты.

Кездесуді ҚХА ҒСК ЖҒК тең төрағасы Олжас Бейсенбаев модерациялады. Жиында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:

- ҚХА-ның негізгі міндеттері;

- ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қызметі және мемлекеттік саясаттың этносаралық саладағы басымдықтары;

- ҚХА ақпараттық саясаты;

- ҚХА ҒСК сарапшылық жұмысындағы әдістемелік тәсілдер;

- «Қоғамдық келісім» РММ-нің міндеттері;

- ҚХА Аналар кеңесінің қызметі;

- ҚХА кафедралары қауымдастығы мен Медиация кеңесінің жұмыстары.

Кездесу барысында жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының болашағы және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыруға бағытталған жобаларға жас мамандарды тарту мәселелері көтерілді.

Отырыс соңында 17 қатысушыға ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының мүшесі екенін растайтын сертификаттар табысталды. Бұл қадам жас зерттеушілер қауымдастығын құрудағы маңызды кезең болып, олардың этносаралық саладағы істерге қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубы этносаралық келісім саласындағы ғылыми диалогты дамыту және білім алмасу бағытындағы жұмысын жалғастырады.

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар