Жыл сайын өткізілетін конференцияны Білім және ғылымдағы зерттеулердің халықаралық қоғамы (ISRES) ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен білім алушылардың басын қосып, әлеуметтік ғылымдар мен білімнің барлық салаларындағы теориялық және практикалық мәселелерді талқылау. Сараптамадан кейін барлық мақалалар ағылшын тілінде Eurasia Proceedings of Educational & Social Sciences журналында жарияланады.
Біздің ғалымдар біріктірілген панель ағылшын тілінде жұмыс істеді. Панельдің модераторы Отар Эльмира болды. Зерттеу тобының мүшелері далалық зерттеудің негізгі нәтижелерімен бөлісті.
«The Hidden And Visible Images Of Korean Women In The Soviet-Korean Newspapers» тақырыбындағы баяндамасында Ким Герман мерзімді басылымдардағы корей әйелдерінің өкілдігі мен олардың гендерлік рөлдерін талдау нәтижелерімен бөлісті. Садвокасова Айгүл «The Impact Of Women's Education On Identity Formation (Case Of Kazakhstan)» атты баяндамасында әйелдер тәрбиесінің жеке басын қалыптастырудағы рөлі туралы айтып, Қазақстандағы өзбек және тәжік әйелдеріне салыстырмалы талдау жасалды. «Identity And Daily Life Of Turkish Women In Turkestan Region And Shimkent City» тақырыбында Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы түрік қоғамдастығындағы әйелдердің күнделікті өмірі туралы Накипбаева Жанар баяндама жасады және нәтижелермен бөлісті. Отар Эльмира тәжік әйелдерінің рөлі мен өмірі туралы айтып, моно және көп ұлтты ауылдарды салыстырмалы бақылау нәтижелерімен бөлісті. Баяндама тақырыбы: «How Do Kazakhstani Tajik Women Form And Reproduce Ethnic Identity When Raising Children? The Results Of In-Depth Interview And Observation». Онда Қазақстанның этникалық қауымдастықтарының отбасында білім алудағы әйелдердің рөлі және әйелдердің білім деңгейінің балалардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыруға әсері туралы айтылды.
Баяндама мен зерттеу нәтижелері конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.