Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

17-шығарылым: Нұрхан Жалиев

17-шығарылым: Нұрхан Жалиев
Tamyrlas подкастының 17-шығарылымында жүргізуші Айгүл Садвоқасова «Отандастар қоры» КЕАҚ Ақпараттық-талдау департаментінің басқарушы директоры Нұрхан Жалиев мырзамен сұхбаттасады. Бұл шығарылымда шетелдегі қазақтарды қолдау мен қордың халықаралық ынтымақтастық бағытындағы қызметі талқыланады.

Нұрхан Жалиев өз өмірбаяны мен Отандастар қорына қалай келгені туралы баяндап, қордың құрылу тарихы мен ерекшеліктері туралы айтады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарға көрсетілетін қолдау, қазақ тілін үйрету бағдарламалары, диаспоралық саясатты жүйелеу, қазақтар арасындағы ұлттық бірегейлікті сақтау туралы маңызды мәселелер талқыланады. Қонақ халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық және медиа жұмыстары туралы пікірін бөлісіп, қазақ диаспораларын зерттеу мен шетелдегі қазақтармен өзара тиімді қарым-қатынас орнату жөнінде әңгімелейді.

Бұл шығарылым шетелдегі отандастарды қолдау мен диаспора мәселесіне қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін қызықты болады.

Сілтеме: https://youtu.be/NFkofC2PrfA

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар