Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

16-шығарылым: Ғалым Шойкин

16-шығарылым: Ғалым Шойкин
Tamyrlas подкастының жаңа маусымы басталды! Кезекті шығарылымда жүргізуші Айгүл Садвоқасова ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, с.ғ.к. Ғалым Шойкин мырзамен сұхбаттасады. Бұл шығарылымда мемлекеттік этносаясаттың негіздері және ортақ азаматтық құндылықтарды қалыптастырудағы кешенді жұмыс сияқты өзекті мәселелер талқыланады.

Ғалым Шойкин өз өмірбаянын ашып, саясаттану саласындағы және мемлекеттік қызметтегі жолы туралы баяндайды. Қонақ қазіргі этносаясаттың маңызды басымдықтары туралы айта келе, этносаралық коммуникацияны дамыту, тіл саясаты, ақпараттық қауіпсіздік және шиеленістер профилактикасы туралы ой бөліседі. Сонымен қатар, ұлт бірлігін нығайту жолындағы мемлекеттік пен азаматтық ұйымдардың қызметі туралы пікірлерін білдіреді. Шығарылым соңында көрермендерге Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің алдағы жоспарлары мен Ассамблеяның 30 жылдығына дайындалу туралы ақпарат ұсынылады.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар