"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-Институт) "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 19 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында институт қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:
- нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Институт қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сұрақтар, ұсыныстар, сондай-ақ қолда бар мәліметтер туындаған жағдайда 23.08.2024 жылға дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз Info@iaer.kz, WatsApp +7-775-970-60-62, немесе мына мекенжайға хабарласыңыз: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 14/3 үй, 6 қабат.