Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Абай Құнанбаевтың 179-жылдығы

Абай Құнанбаевтың 179-жылдығы
2024 жылғы 10 тамызда ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл толады. Осы маңызды күні Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты бұл атаулы күнмен баршаңызды құттықтайды.

Абай Құнанбаевтың қалдырған бай мұрасы ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды шабыттандырып, біріктіріп келеді. Оның гуманизм, бірлік және әділеттік туралы ойлары мен шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Қазақстан этностары арасында Абайдың мұрасын насихаттау мақсатында, 2020 жылы Институт «Әлемді аялаған сөз. Қазақстан этностарының өкілдері Абай туралы» атты кітапты шығардық. Кітап Қазақстандағы этносаясаттың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын кеңінен таратуға, қоғамды біріктіруге, азаматтық патриотизмді, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Кітапта мұрағаттардан, кітапхана қорларынан және мерзімді баспасөзден алынған бірегей жазбаша дереккөздер пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жазған эсселер алғаш рет жарияланды. 
Біз Абайдың мұрасын мақтан тұтамыз және оның идеяларын сақтап әрі насихаттап, еліміздің ұлттық бірлігі мен мәдени көптүрлілігін нығайтуды жалғастыратын боламыз.

Кітапты келесі сілтеме бойынша оқуға болады: https://iaer.kz/ru/item/195-lemdi-aalagan-s-z  

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар