Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2025 жылғы 10 маусымда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Басқосудың басты тақырыбы – ҚХА-ны 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын әзірлеудегі жаңа көзқарастар, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының бастамалары және «Қазақстанның ұлттық бірлігі: тарихы, қазіргі жағдайы және жаңа үрдістері» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері болды.