Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Өскемен қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті

Өскемен қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті
2024 жылғы 9-12 шілде аралығында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы өңірлік және жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренингті өткізді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға 20-дан астам Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан ҚХА қоғамдық құрылымдарының (аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ЭМБ), «Қоғамдық келісім» КММ, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиаторлар және т.б. белсенді қатысты.

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар