Сапар барысында Институт қызметкерлері Орталықтар қызметтерін таныстырып, этносаясаттағы және этносаралық қатынастардағы ағымдағы процестердің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ осы саладағы зерттеу жобаларын дамыту перспективаларын талқылады.
Айзада Амангелдіқызы институт жұмысының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда этносаралық келісімді нығайтуға және этносаяси ғылымды дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға қолдау білдірді.