Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

НВО 2022-2024 жобасының шеңберінде ИРН AP14870213 "этникалық қауымдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті

НВО 2022-2024 жобасының шеңберінде ИРН AP14870213 "этникалық қауымдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті
2022-2024 оқу жылы аралығында ҒЖБМ 2022-2024 ИРН AP14870213 «Этникалық қоғамдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту және қалыптастыру арналары ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы)» жобасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасымен ынтымақтастығы орнатылды.

 

Әлеуметтану кафедрасымен бірлескен жұмыс аясында Отар Эльмира жетекшелігімен магистрант Тынгишева Назгүл диссертациялық жұмыс дайындады. Магистрант оқу жылының басынан бастап жобаға тартылды, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында алынған әлеуметтанулық зерттеулер  деректерін талдауға және өңдеуге белсенді қатысты.

«Этникалық қоғамдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту және қалыптастыру арналары ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы)» жобасы далалық зерттеулерін жүргізгеннен кейін ғылыми жетекші кеңесімен магистрант Тынгишева Назгуль «Қазақстанның этникалық қауымдастық әйелдерінің бірегейлікті қалыптастыру мен молайтудағы рөлі» атты тақырып бойынша диссертациялық жұмыс әзірледі.

Тынгишева Назгуль оқу жылының соңында сарапшылардан оң пікірлеріне ие болып,  аттестаттау комиссиясының жоғары бағасын алып, өзінің зерттеу жұмысын сәтті қорғады.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар