Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Ұлттық қорғаныс университетінде Ұлттық құрылтайдың қорытындыларына арналған дәріс өткізді. Іс-шара барысында құрылтайдың негізгі түйіндері мен ұсыныстары, сондай-ақ олардың ішкі саясатты дамыту үшін маңызы талқыланды. Дәріс қорытындысы бойынша институт пен университет арасында білім беру және білім алмасу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.