Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!
Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!