Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

ҚЭЗИ мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚЭЗИ мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ҚЭЗИ мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум: Мемлекет басшысының кітапхана ісін жаңғырту және оқырман ұлтын қалыптастыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға жасалған қадам

Астана, 19 наурыз 2024 ж.

Бүгін ғылыми-зерттеу, талдау және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Құжатқа аталған ұйымдардың басшылары – Талғат Қалиев пен Ғазиза Нұрғалиева қол қойды.

 Меморандумға қол қою – Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру бастамасы шеңберінде жасалып жатыр. Бұл мемлекет пен ұлттың жад қазынасы – кітапхана ісінің жанданып, дамуына тікелей байланысты.

Меморандум әдеби және кітап жинақтарымен алмасуды, ғылыми-танымдық іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруды және қатысуды, сондай-ақ ұлттық бірлік пен келісім саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуді қоса алғанда, ынтымақтастықтың кең ауқымын қарастырады.  Бұл ынтымақтастық екі ұйымның өзара іс-қимылын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдық-саяси өмірінің маңызды салаларындағы ғылыми-зерттеу базасын дамытуға бағытталған.

Меморандумның қолданылу мерзімі шектелмейді, оны кейіннен кеңейту және толықтыру мүмкіндігі қол жеткізілген нәтижелерге және екі тараптың тілектеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

 

Баспасөз байланысы:

+77053429552

 Адилет Амиров

 Әдістемелік және оқу бағдарламалары орталығының жетекші менеджері

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар