Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
А.ж. 13 наурызында Астана қаласының Достық үйінде этносаясат және этносаралық қатынастар саласындағы жетекші мамандарды жинаған ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы сәтті өтті. Отырыс Қазақстан Республикасындағы қазіргі этноәлеуметтік үдерістер контекстінде жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.

Іс-шараға ҚР ПӘ ҚХАХ, ҚР МАМ ЭҚДК өкілдері, Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері және сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Бас спикер - философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор және ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Мұхтарбек Шайкемелев.

Талқылаудың негізгі тақырыбы ретінде ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруымен жүргізілген «Мониторинг Қазақстан Республикасындағы этносоциалдық процестердің динамикасын зерттеу және болжау әдісі ретінде» іргелі зерттеу нәтижелері болды. Бұл жоба ағымдағы үрдістерді түсінуде, этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту және Қазақстан қоғамын интеграциялау стратегияларын әзірлеу үшін маңыздылыққа ие.

 

Отырысқа қатысушылар этносаясат пен әлеуметтік интеграция саласындағы тиімді практиканы қалыптастыру үшін осы саладағы зерттеулерді одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтіп, этносаралық интеграцияның әртүрлі аспектілерін талқылады.

 

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы Қазақстанда қоғамдық келісімді нығайту және жалпыазаматтық бірегейлікті дамыту жолындағы маңызды қадам болды, осы саладағы одан әрі зерттеулер мен практикалық бастамалар үшін жаңа перспективалар ашты.

  

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар