Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Институт директоры Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды

Институт директоры Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (Қазақстан Республикасы) мен Баку халықаралық мультикультурализм орталығы (Әзірбайжан Республикасы) арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум аясында 7-11 наурыз аралығында институт директоры Талғат Қалиев жұмыс сапарымен Әзербайжан Республикасына барды.

Талғат Қалиев 15 наурыз – Халықаралық қатынастарды талдау орталығы мен Баку халықаралық көпмәдениеттілік орталығы G20 дінаралық диалог форумымен және Баку бастамашыл тобымен серіктестікте ұйымдастырған және халықаралық исламофобиямен күрес күніне орайластырылған «Әртүрлілікті сақтау: 2024 жылы исламофобиямен күрес» атты екі күндік халықаралық конференцияға қатысты.

   

Баку сапары кезінде институт басшысы STEM зерттеу орталығына барып, Агил Рустамзаде мен Орхан Елчуев сарапшылармен кездесті.

Осы маңызды сапар барысында әріптестік байланыстар нығайтылды, әртүрлілік пен мультикультурализмді зерттеуге және ілгерілетуге бағытталған жаңа бірлескен ғылыми жобалар талқыланды.

Ынтымақтастық шеңберінде этносаяси зерттеулер мен мультикультурализм саласында тәжірибе және сараптама алмасу, көпмәдениетті қоғамның өзекті мәселелерін талқылау бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар