Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2024 ж. 25 қантарда сағат 11:00-де «Egemen Qazaqstan» газетіндегі Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған «Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара модераторы - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Аяулым Сағынбаева.

Спикерлер қатарында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев және ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығының директоры Гүлдана Оқасова.

Сарапшылар бірегейлікті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін талқылайды, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі сәйкестендіру мәселесіндегі заманауи үрдістерге байланысты зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі.

Өткізілетін күні: 25 қаңтар, 2024 ж.

Тіркелу: 10:45-11:00, негізгі бөлім: 11:00-12:00.

Өткізілетін орны: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты: Астана қ., Қонаев к-сі 14/3, 6 қабат («Нұрсая» БО)

 

Жауапты тұлға: Адилет Амиров, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

Тел: +7 705 342 9552;
Пошта: adilet.k.amirov@gmail.com

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар