Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Институт қызметкері Орталық Азия жастар форумына қатысты

Институт қызметкері Орталық Азия жастар форумына қатысты
Фото: Всемирный банк Узбекистан
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығының жетекші менеджері Адилет Амиров 2023 жылғы 18-22 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында өткен Central Asia Youth Talks форумына қатысты. Дүниежүзілік банктің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Орталық Азия елдерінен - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 25 жас көшбасшыны жинады.

Форум инновациялық идеялармен алмасу және жастарға жұмыс орындарын құру, гендерлік теңдік, климаттың өзгеруі және адами капиталды дамыту сияқты аймақтық мәселелерге арналған шешімдерді әзірлеуге бағытталды. Қатысушыларға баяндамалар жасауға және негізгі өңірлік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды әзірлеуге мүмкіндік берілді.

Іс-шара жас көшбасшылардың сыни тұрғыдан ойлауын, жобаларды жоспарлау дағдыларын, пікір көрсету және презентациялауды дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жас қызметкерлерінің өңірлік ынтымақтастықты және адами капиталды дамыту саласындағы жаңа тәсілдерді ілгерілету үшін халықаралық іс-шараларға қатысуға ұмтылыстарын қолдайды.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар