Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

ҚЭЗИ және Саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер қорының кездесулері өтті

ҚЭЗИ және Саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер қорының кездесулері өтті
2023 жылғы 18-22 желтоқсан аралығында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Түркияның саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер (SETA) қорымен кездесті.

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінің қорытындысы және Қазақстанның төрағалық етуінің басталуы бойынша Түркия мен Қазақстан елдерінің сараптамалық қоғамдастығы арасында ынтымақтастық, әріптестік қатынастар орнату және тәжірибе алмасу мақсатында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының және саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер қорының басшылығының кездесулері өтті.

Кездесу барысында Қор басшылығымен егжей-тегжейлі әңгіме және ұйым сарапшыларымен жан-жақты ми шабуылы өтті. Қазіргі даму тенденцияларын ескере отырып, ұлттық дамудың, ұлт қалыптастырудың, азаматтық бірегейліктің және біртұтас ұлттың проекциялық модельдерін қалыптастыру тақырыптары қозғалды.

Бұдан әрі тығыз ынтымақтастық және кең ауқымды бағыттар бойынша бірлескен жобалар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

  

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар