Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Кафедраларының қауымдастығы мүшелері, беделді сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Кеңес отырысында спикерлер ретінде ҚХА ҒСК Төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Директорының орынбасары Айгүл Садвоқасова, ҚХА ҒСК құрметті мүшесі, Қазақстанның Жобалық менеджерлер одағының Президенті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Алексей Цеховой, ҚХА ҒСК Төрағасының орынбасары, «Шаңырақ» ҚХА Кафедралары қауымдастығының Төрағасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Наталья Калашникова және Eurasian Center For People Management жобаларының жетекшісі Айман Жүсіпова қатысты.
Кездесу барысында сарапшылар тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі өзекті міндеттерді, мемлекеттің оңтүстік өңірлеріндегі этносаралық қатынастар мәселелерін, сондай-ақ «Біріктірілген ұлт» жобасының бастамасын талқылады.
Отырыс аясында саясаттанушы, тарихшы, «Ауыл» партиясы Төрағасының кеңесшісі Жандос Қарынбаев «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітабын жария етті.
Іс-шара соңында қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.