Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Халықаралық сарапшы Беате Эшмент Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен танысты

Халықаралық сарапшы Беате Эшмент Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен танысты
«Қазақстан Республикасындағы азаматтық бірегейлік: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық конференция қарсаңында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының негізінде Шығыс Еуропа және халықаралық зерттеулер орталығының (ZOiS) ғылыми қызметкері Беате Эшментпен (Beate Eschment) офлайн-кездесу өтті. Кездесуге институт басшылығы мен зерттеушілері қатысты.

Беате Эшмент-Шығыс Еуропа және Орталық Азия зерттеулері бойынша, оның ішінде халықаралық және қоғамдық қатынастар саласындағы танымал сарапшы. Оның Қазақстанға сапары жергілікті әріптестерімен білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ социологиялық, саяси және этносаяси зерттеулер саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Кездесуде ғылыми саладағы заманауи үрдістер, сондай-ақ өзекті жаһандық процестердің жекелеген елдердегі зерттеушілердің жұмысына әсері талқыланды. Қатысушылар ғылыми жұмыстардың объективтілігін арттыру, оның ішінде жекелеген зерттеулердің әдіснамасын жақсарту бойынша тәжірибесі мен идеяларымен алмасты. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметкерлері этносаясат саласындағы өз жетістіктерімен және нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ шетелде, әғни Орталық Азияда да, Шығыс Еуропада да болып жатқан этносаяси процестер туралы өздерінің хабардарлықтарын көрсетті.

Бұл кездесу қазақстандық және халықаралық зерттеушілер арасындағы ғылыми байланыстар мен білім алмасуды нығайтушы тағы бір қадам болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Эшмент ханымға іссапары мен көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреді.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар