Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Зерттеу ұйымдарының Ұлттық Консорциумының құрылуы туралы келісімге қол қойылды

Зерттеу ұйымдарының Ұлттық Консорциумының құрылуы туралы келісімге қол қойылды
Бүгін Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат мәселелері бойынша зерттеу ұйымдарының Ұлттық Консорциумының құрылуы туралы келісімге қол қойды.

Бұл консорциумға демография мәселелерімен айналысатын 12 ғылыми-зерттеу ұйымы кіретін болады.

Консорциум бұл келісімде анықталған мақсаттар мен міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру үшін мүдделердің ортақтығына негізделген коммерциялық емес ұйымдардың ерікті келісімшарттық бірлестігі болып келеді.

Консорциумның негізгі мақсаттары:
•Қолда бар білім мен зерттеулерді нығайту үшін Қазақстандағы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат мәселелері бойынша зерттеушілер мен зерттеу ұйымдарын бірлестіру. Сондай-ақ, ғылыми және зерттеу жобаларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде іске асыру. 
•Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиямен өзара әрекеттестік арқылы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясатты іске асыруда ғылыми негізделген әдістерді насихаттау.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар