Зерттеу тақырыбы: «Қазақстандық этностардың қоғамдық көңіл-күйі, олардың аймақтық және этникалық ерекшеліктерін анықтау, этносаралық қатынастардың дамуын болжау».
Зерттеу нысаны - 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының халқы, соның ішінде шекаралас аудандардың тұрғындары, оралмандар, этникалық топтардың өкілдері, әр түрлі этностардың жастары, этносаралық қатынастар саласындағы мамандар.
Зерттеу пәні - этносаралық ортадағы қоғамдық көңіл-күй, аймақтық және этникалық ерекшеліктерді анықтау.
Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты - аймақтық және этникалық ерекшеліктерді ескере отырып, қазақстандық этностардың қоғамдық көңіл-күйін зерттеу, практикалық ұсынымдар әзірлеу.
Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері:
- Мақсатты топтардың қоғамдық көңіл-күйінің негізгі сипаттамаларын саяси және экономикалық, ұлттық салалардағы ең өткір мәселелерді анықтай отырып, талдау және анықтау;
- Мақсатты топтардың әлеуметтік шиеленіс факторларын анықтау;
- Қазақстандағы қоғамдық көңіл-күй мен ұлтаралық ахуалдың қалыптасуына сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне сараптамалық бағалау жүргізу;
- Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға этникалық топтардың қатысу дәрежесі мен қабылдауын анықтау;
- Этникалық топтар арасындағы төзімділік/төзбеушілік пен ынтымақтастық деңгейін зерттеу;
- Респонденттердің сайлау қалауын анықтау.
Осы кешенді зерттеудің мақсаты мен міндетіне жету үшін келесі әдістер қолданылды:
- 18 жастан асқан тұрғындар арасында «face-to-face» жаппай сауалнама жүргізу, бұл халықтың қоғамдық және әлеуметтік көңіл-күйі туралы барынша объективті ақпарат алуға мүмкіндік берді;
- мақсатты топтардағы сауалнама: оралмандар, 6 этнос (өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, немістер, күрдтер, тәжіктер);
- шекаралас аймақтардың тұрғындарына сауалнама жүргізу;
- 3 этникалық топтың жас буын өкілдерімен (18-ден 35 жасқа дейін) фокус-топтар;
- халықаралық қатынастар саласындағы қазақстандық сарапшылардың 60% -ы және халықаралық сарапшылардың 40% -ы үлесіндегі сарапшыларға сауалнама жүргізу.
Іріктеме жиынтық көлемі.
Зерттеудің іріктемесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2020 жылдың басындағы статистикалық деректері бойынша репрезентативті болып табылады. Бұл зерттеуде іріктемені есептеу кезінде жынысы, жасы (18 жастан асқан) және тұрғылықты жері ескерілді.