Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

"Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында жалпы республикалық ғылым

"Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында жалпы республикалық ғылым
2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырады. 

Конференцияға ҚР Парламенті депутаттарының, ҚХА, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, қазақстандық ғылыми-сараптамалық қоғамдастық мүшелерінің, шетелдік сарапшылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуы күтілуде.

Іс-шараның мақсаты - сараптамалық қоғамдастықты этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи трендтерді талқылауға тарту.

Конференцияның міндеттері:

- Этносаралық келісім мен халық бірлігін дамытудың мемлекеттік саясатының басым бағыттары, тетіктері, құралдары мен шаралары бойынша тиімді шешімдерді іздеу және ұсыныстарды қалыптастыру;

- Этносаралық келісім мен халық бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа тенденцияларды, технологияларды талқылау;

- Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастарды дамыту және біртұтас ұлтты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Конференция келесі тақырыптарды қамтиды:

1. «Инклюзивті полиэтностық қоғамды қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі»;

2. «Жастар қозғалысы және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру»;

3. «Ел бірлігін нығайтудағы ҚХА рөлі»;

4. «Медиация және этномедиация қақтығыс жағдайларын шешу құралы ретінде»;

5. «Этносаралық қатынастардың дамуына теріс әсер ететін факторларға қарсы тұру»;

6. «Қандастар мен мигранттарды әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау»;

7. «Этносаралық қатынастарды дамытудағы мемлекеттік және қоғамдық институттардың рөлі».

Конференцияға қатысуға этносаралық қатынастар мен оған сабақтас салалардағы сарапшылар, Орталық Азия елдеріндегі сәйкестік және сәйкестендіру процестерін зерделейтін мамандар, ҚХА және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ барлық мүдделі БАҚ өкілдері шақырылады!

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім жолдау қажет:

Т.А.Ә., жұмыс орны мен лауазым, байланыс ақпараты (телефон, эл.почта).

Өтінімдер 2023 жылғы 15 қыркүйекке, түскі сағат 12:00-ге дейін келесі поштаға қабылданады: info@iaer.kz.

 

Конференцияның үйлестірушілері:

Амиров Адилет                                       +7 705 342 9552;

Бегманова Ботагоз                                 +7 771 442 4111; info@iaer.kz

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар