Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған этносаяси сауаттылық бойынш

Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған  этносаяси сауаттылық бойынш
2023 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған этносаяси сауаттылық бойынша семинар өтті.

Семинарда ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөз сөйледі. Семинарды аша отырып, Комитет төрағасы этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, мемлекетіміздің біртұтас халқын біріктіретін ортақ құндылықтар мен мүдделерді қалыптастыру жөніндегі міндеттерді атап өтті.

Іс-шараға 30 депутат құрамында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Аяулым Сағынбаева сөз сөйледі.

Семинар шеңберінде Талғат Қалиев Қазақстан Республикасындағы этносаяси ахуал бойынша депутаттық топқа ақпарат ұсынды. Спикер өз сөзінде Қазақстандағы этностық топтардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігі,
ҚР-дағы этносаралық тақырыпты жариялау кезінде этносаяси терминологияны қолдану ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен бірге, қазіргі уақыттағы этносаясат саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Аяулым Сағынбаева Қазақстанның этнодемографиялық даму ерекшеліктеріне назар аударды, өңірлердегі этносаралық ахуалды зерделеу, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу мақсатында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жүргізген мониторингтік шығулар туралы айтты.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда, ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық ахуал үшін тәуекелдерді анықтау және оның алдын алу, мигранттарды интеграциялау, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» орын алуына жол бермеу, этностық немесе тілдік қағидат бойынша кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмау, зерттеу жобаларын қаржыландыру және т.б. мәселелер көтерілді.

   

  

 

 

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар