Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау семинар-тренинг Тараз қ. өткізілді

Жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау семинар-тренинг Тараз қ. өткізілді
2023 жылғы 10-14 шілдеде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы 5 күндік семинар-тренингті өткізді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.

Халықаралық және отандық тренердердің қатысуымен өткен іс-шара барысында қатысушылар конфликтологияның базалық негіздерін, этномедиация негіздерін, этномедиатордың құзыретін, этносаралық шиеленісті жою тәсілдерін, гарвард келіссөздер мектебінің қадамдық негіздерін және т. б. қарастырды.

Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының бюджеттік ұйымдары мен азаматтық қоғамының 50-ден астам өкілі белсенді қатысты.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар