Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ағымдағы жылғы 16 маусымда Астана қ. Достық үйінде «Ұлт қалыптастыру үрдісінің ғылыми тәсілдері: мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXII сессиясындағы негізгі тапсырмасы» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина,  ҚХА кафедралары қауымдастығының мен ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ә.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Зарема Шаукенова және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ә.ғ.д. Айгүл Сәдуақасова сөз сөйледі.

Отырыс аясында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жаңартылған құрамы ұсынылды. Қатысушылар өзекті ұсыныстармен Ұлт қалыптастыру туралы баяндама дайындау мәселесін талқылады. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев а.ж. 27 сәуірдегі «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында берді.

Отырысты аша отырып, Индира Рыстина ҚХА ҒСК жүргізіп жатқан ғылыми-талдамалық қызметінің тәжірибелік мәні бар және біздің қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.

«Этносаралық тақырып бойынша сараптамалық алаңдардың маңыздылығын атап өткім келеді. Зерттеу аясында туындайтын жаңа идеяларды талқылау кезінде біз өзіміздің зерттеу тобымызбен немесе институтымызбен шектелмеуіміз керек. Әр түрлі пікірлерді тыңдау, жаңа тәсілдерді үйрену, жаңа ережелер бойынша пікірталастарға қатысу үшін сарапшылар тобын кеңейту қажет», - деді ол.

Ғалым Шойкин өз сөзінде сараптамалық қоғамдастыққа, жауапты мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарының, талдамалық институттардың өкілдеріне Ұлт қалыптастыру  туралы баяндаманы әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.

Ғ. Шойкин ғылыми-сараптамалық кеңес қатысушыларының назарын қоғамдағы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру және ұлт бірлігі бойынша мемлекеттік органдар үшін практикалық ұсынымдар дайындау қажеттігіне аударды. Бұл ретте білім беру, тәрбие, мемлекеттік тілді, мәдениетті, спортты, еңбекті, мемлекеттік қызметті дамыту және т. б. салалардың ұлт қалыптастыру процесіндегі рөлін айқындау маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында сарапшылар баяндаманың мазмұндық бөлігі туралы көзқараспен алмасты және оның құрылымына негізгі ұсыныстарды тұжырымдады. Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін алдағы жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.

   

   

   

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар