Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әли Рустам, кәсіби медиатор, аналар кеңесінің мүшесі Бақыт Чингаева, Жетісу облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының және кафедралар қауымдастығының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жастарының мүшелері және т.б. қатысты.
Ғалым Нұрмағамбетұлы өз сөзінде «Көзқарас» алаңы этносаралық саланы нығайту мен дамыту бойынша ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін қажет платформа екенін атап өтті. Ол этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың басым бағыттарын баяндады және жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру, жалпыазаматтық бірегейлікті нығайту үшін мемлекеттік тілді ілгерілетудің тәсілдері мен әдістері мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқтап, елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын айтты.
Талғат Қалиев өз сөзінде ҚХА сессиясында Мемлекет басшысы айтқан негізгі аспектілерді тиімді іске асыру елдің ғылыми, сараптамалық және азаматтық қоғамдастығын тарта отырып, кеңінен талқылауды талап ететінін атап өтті.
Сонымен бірге, алаң спикерлері этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сарапшылық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында спикерлер алға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтады.