Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін дамыту мәселелері талқыланды
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурс алаңында онлайн форматта «Этникалық және әлеуметтік топтардың азаматтық бірегейлік идеялары төңірегінде шоғырландыру факторлары» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, облыстық ғылыми-сарапшылық топтардың, Институт негізіндегі этносаралық қатынастар саласындағы Сарапшылық тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және т.б. мамандар қатысты.

Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін дамытуды, оның заманауи ахуалдағы біріктіруші әлеуетін, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан сенімдер мен көзқарастарға негізделген құндылықтар координаттарының біртұтас жүйесін қалыптастыру әдістерін талқылады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценттің м.а., философия ғылымдарының кандидаты – Зейнеп Абетова азаматтық бірегейлік идеясы бойынша ғылыми-ағартушылық пайымымен бөлісті. Спикер азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың басты алғышарты әлеуметтік инклюзивтілік болуы және бұл бағыттағы жұмыс пікірлер плюрализміне негізделуі керектігін атап өтті.

Өз кезегінде ҚЭЗИ Этносаралық ахуалды мониторингтеу орталығының бас менеджері, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының докторанты - Алемхан Кудеринов өз сөзінде аудиторияны азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың теориялық негіздерімен және тарихи контекстімен таныстырды. Сөзінің соңында спикер қазақстандық қоғамды біріктірудің негізгі факторларын атап өтті.

ҚЭЗИ директорының орынбасары, PhD – Дана Әшімханова азаматтық бірегейліктің аймақтық аспектілерін зерттеуде жаңа тәсілдерді іздеу маңыздылығын атап өтті. Ол этникалық және әлеуметтік топтардың құндылықтық бағдарларын білу ғана емес, сонымен бірге олардың мақсаттарына жету мен  қажеттіліктерін қамтамасыздандыру үшін белгілі бір әрекеттерге мотивациясын бағалау қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде, «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы, философия ғылымдарының докторы – Гүлмира Біләлова қатысушыларға азаматтық бірегейлікті нығайту үшін қолданбалы бағыттарды дамыту қажеттігін еске салды.

Шара барысында сарапшылар таяу жылдардағы қазақстандықтардың құндылықтар қауымдастығының даму перспективаларын қарастырды. Аудиторияның ерекше назары мен белсенділігін қазақстандық қоғамның ерекшеліктері аясында азаматтық бірегейлікті дамыту және осы жұмыстың қолданбалы аспектілерін зерттеуге арналған ғылыми-әдістемелік базаның жинақталуы аударды.

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар