Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Этномедиация мен этносаясаттың базалық негіздері» тақырыбындағы семинар-тренингі

«Этномедиация мен этносаясаттың базалық негіздері» тақырыбындағы семинар-тренингі
2022 жылдың 28-29 қазан аралығында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Этномедиация мен этносаясаттың базалық негіздері» тақырыбында онлайн семинар-тренингті өткізді. Іс-шараға этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері (аналар, ақсақалдар, жастар кеңестері), журналистер қатысты.

Екі күндік семинар-тренинг барысында аудитория этносаясаттың теориялық негіздері мен этносаралық қатынастар саласында қолданылатын ұғымдар мен терминдермен таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар этномедиацияның негізгі принциптерін, оның әдістемелік және аспаптық базасын меңгерді. Этномедиатордың құзыреттері, кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінің тізімі қарастырылды, сонымен қатар этномедиация кезеңдері жан-жақты сипатталды.

Семинар-тренингтің соңында қатысушыларға болашақ оқыту іс-шараларын жетілдіру үшін кері байланыс сауалнамасы жіберілді.

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар