Іс-шараға саясаттану ғылымдарының кандидаты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі – Талғат Қалиев, саясаттанушы, қоғам қайраткері, «Ұлан-ғайыр Дала Елі» директоры, Ұлттық волонтерлік желінің сарапшысы – Валихан Бахретдинов, сондай-ақ ҚР АҚДМ өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердегі Ғылыми-сарапшылық топтардың, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы Сарапшылық тобының мүшелері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысатын болады.
Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын, сонымен қатар оның бүгінгі ахуалдағы рөлі мен маңыздылығын талқылайтын болады.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
Қатысу бойынша байланыс деректері:
Тел.: 8 (7172) 47 28 26
Пошта: iaes.2020@inbox.ru