Іс-шараға этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері (аналар, ақсақалдар, жастар кеңестері), журналистер қатысты.
Екі күндік семинар-тренинг барысында келіссөздер қақтығыс жағдайларды шешу әдісі ретінде, қақтығыстағы мінез-құлықтың негізгі үлгілері, этносаралық қақтығыстарды басқару стратегиясы, сондай-ақ этносаралық келіссөздердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылды.
Семинар-тренингтің соңында қатысушыларға болашақ оқыту іс-шараларын жетілдіру үшін кері байланыс сауалнамасы жіберілді.