Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Қазақстанда ұлт қалыптастырудың негізгі аспектілері»

«Қазақстанда ұлт қалыптастырудың негізгі аспектілері»
2022 жылғы 16 ақпанда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Қазақстанда ұлт қалыптастырудың негізгі аспектілері» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, Еуразиялық интеграция институтының өкілдері, профессорлар, сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылық тобының мүшелері және басқа да мүдделі сарапшылар қатысты.

Этносаяси дискурстың негізгі сұрақтары ретінде: «Қазақстанда ұлт қалыптастырудың негізгі факторлары мен тенденциялары деп нені айта аламыз?», «Қазақстанда іске асырылып жатқан ұлттық құрылыс саясаты бүгінгі күні бірыңғай азаматтық қауымдастық қалыптастыру тұрғысынан тиімді деп айтуға бола ма?», «Қазіргі кезеңдегі қазақтар үшін қандай ұлттық идея өзекті?» және т.б. болды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев ұлттың құрылысына емес, оны қайта форматтауға назар аудару қажет деп есептейді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ұлтшылдықтан «мемлекетшілдікке» көшуге ерекше назар аудару қажет. Әрбір ұлт ұлтшылдық кезеңінен өтуі керек, тек осы кезеңнен өтіп, ұлт мемлекетке айналады. Бірақ ұлтшылдықтан фашизмге дейінгі бір қадам екенін ескеру керек, сондықтан мемлекетшілдік үшін жұмыс істеу керек.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Нуров барлық күш — жігерді тарих ғылымын, ұлттық идеяны, азаматтық бірегейлікті дамытуға, мемлекеттік тілді жаңғыртуға және басты факторлардың бірі-қалың бұқараға түсінікті әрі қолжетімді сапалы этнотерминологияны кеңейтуге бағыттау қажет деген өз пікірін білдірді.

Қорытындылай келе, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова талқылауға ұсынылған тақырып ауқымды, көп қабатты, сондықтан оны бір сарапшылық талқылау аясында ашу екіталай екенін атап өтті. Дегенмен, осы бағыттағы кез-келген әрекет өздігінен құнды және осы бағыттағы жұмыс жалғасатының сөзге тиек етті.

Іс-шара барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына белсенді жауап беріп отырды. Өз кезегінде тындаушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. 

Жаңалықтар