Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар
2021 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинарды өткізді.

Ғылыми семинардың мақсаты - әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша практикалық ұсыныстарды топтастыру.

Алғы сөз Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаеваға және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевке берілді.

Ғылыми-практикалық семинар жұмысына спикер ретінде халықаралық сарапшылар қатысты: Уразалиева Гульшат Кулумжановна - РМГУ әлеуметтану факультеті әлеуметтану теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Мәскеу қ.; Цэцэнбилэг Цэвээний Дамарт - Моңғолия Ғылым Академиясының Философия институты Әлеуметтану және әлеуметтік психология бөлімінің меңгерушісі, PhD, Ұлан-Батыр қ.; Джамангулов Кайратбек Эркинбекович - Қырғыз Республикасы ҰҒА әлеуметтік зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Бішкек қ.; Бактыгулов Шерадил Джумадилович - Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кадр қызметі жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі, Бішкек қ.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Григорьевич Косиченко және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Сәуле Қалкенқызы Сүлейменованың баяндамаларында Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды талдаудың әдіснамалық қағидаттары мен жалпы тәсілдері және постинформациялық қоғамдағы діни синкретизмнің ғылыми-әдіснамалық талдауы айтылды.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этнодемографиялық талдау департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ғали Дінмұхаммед Әзімбайұлы халық санағын этнодемографияны зерттеу көзі ретінде пайдалану мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, семинар жұмысына ғалымдар, зерттеушілер, этномәдени бірлестіктердің басшылары, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен және мемлекеттік этносаясатты іске асырумен айналысатын сарапшылар қатысты.

Жаңалықтар