Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін өндірістік тәжірибе

Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін өндірістік тәжірибе
Этносаясат саласындағы мамандарды кәсіби даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Біз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасамыз, бұл студенттерге, магистранттар мен докторанттарға бізде өндірістік практика мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 

 Осы жылдың басынан бастап Институтта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және журналистика факультетінің магистранттары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтану» факультетінің 3 курс PhD. студенттері тағылымдамадан өтті. 

Біз ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтармен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз. Егер сізде сұрақтар мен ұсыныстар болса, оларды info@iaer.kz поштасына жібере аласыз немесе +7 (7172) 47-28-09 телефона хабарласуынызға болады.

Жаңалықтар