Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2026 жылғы 9 маусымда Астана қаласындағы Достық үйінде «Мемлекеттік этносаясатты сараптамалық сүйемелдеу: талдау, болжау және ғылыми зерттеулер» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара ғылыми қауымдастық, сарапшылар ортасы, мемлекеттік және қоғамдық институттар өкілдерінің қатысуымен аралас форматта ұйымдастырылды.