Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Этноконфликтология

2020 жылы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары сапарлар айналымын ұйымдастырды, олардың барысында келесі міндеттер орындалды:

  • аймақтардағы этноәлеуметтік процестердің даму ерекшеліктері анықталды;
  • аймақтардағы этникалық топтардың ұлтаралық интеграциясына кедергі келтіретін / жеңілдететін факторлар атап көрсетіліп, талданды;
  • қазақтар мен аймақтардағы жергілікті этнос өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың ерекшелігі талданды;
  • облыста тұратын қазақтар мен түрлі этностардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау жүргізілді;
  • халықтың көші-қон көңіл-күйін бағалау жүргізілді;
  • аймақтағы этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне баға берілді.

Барлығы 13 сапар барысында этносаралық қақтығыстардың туындау ықтималдығы жоғары 11 аймақ зерттелді, этностық топтар өкілдерімен 582 сұхбат ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шорнак ауылы, Қасқабұлақ ауылы және Қордай ауданы сияқты жанжал әлеуеті жоғары аймақтарға арнайы мониторингтік сапарлар ұйымдастырылды.

Мониторингтік топтардың жұмысы барысында мемлекеттік қызметшілердің этникалық құрамы және әлеуметтік инфрақұрылым деңгейі туралы ресми деректерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Көрнекі бақылаулар көмегімен елді мекендер тұрғындарының әл-ауқатының деңгейі, қызмет көрсету нысандарындағы қызмет деңгейі, оның ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде қызмет ету мүмкіндігі бағаланды. Қоғамдық көңіл-күй, оның ішінде діни бірлестіктерге талдау жасалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде әлеуметтік, мәдени, инфрақұрылымдық және басқа сипаттағы қауіп-қатер факторлары анықталды. Анықталған қауіп-қатерлер мен проблемаларды азайту үшін қорытындылар мен ұсынымдар жасалды.

Жаңалықтар