Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты БАҚ өкілдеріне арналған семинар өткізді
2025 жылғы 28 мамырда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты орталық және өңірлік БАҚ өкілдеріне этносаралық қатынастар саласында терминдерді қолдану тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды. Іс-шара онлайн-форматта өтті және журналистердің этносаяси сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ медиакеңістікте этносаралық тақырыпты жауапкершілікпен жариялау мәдениетін дамытуға бағытталған.