Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары: ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, медиасауаттылық және фактчекинг» тақырыбында се

Ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары: ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, медиасауаттылық және фактчекинг» тақырыбында се
2020 жылдың 16 наурызында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары: ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, медиасауаттылық және фактчекинг» тақырыбында семинар- тренингін өткізді.

2020 жылдың 16 наурызында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары: ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, медиасауаттылық және фактчекинг» тақырыбында семинар- тренингін өткізді.

Онлайн форматта өткен семинар-тренингтің жұмысына этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, жергілікті БАҚ-ның журналисттері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және еліміздің 13 өңірінен басқа да өкілдері қатысты.

Алғашқы сөзді Институттың директоры Талғат Қалиев сөйледі. Ол мұндай семинар-тренингтерді Институт тұрақты негізде өткізетінін және қатысушыларға біліктілік білімін арттыруға және жаңа білім мен дағдыларды алуға көмектесетінін атап өтті.

Институттың әдістемелік жұмыс департаментінің маманы Виктория Трегубова ақпараттық күн тәртібінің қалай құрылатыны, ақпараттық күн тәртібінің құрылымы мен деңгейі және саяси күн тәртібін қандай бағыттар айқындайтыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мысал ретінде отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен шетелдік сарапшылардың тәжірибесін келтірді.

Өз кезегінде, Лаура Бигалиева «Ақпараттық және медиа сауаттылық. Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар» тақырыбында теориялық және практикалық тапсырмалардың көмегімен бұқаралық ақпарат құралдарының қандай түрлері бар? Медиа сауаттылық және медиа білім дегеніміз не? деген жұрақтарға жауап бере отырып, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және қолда бар барлық ақпаратты ескере отырып, саналы шешім қабылдау үшін медианың маңызы туралы айтты.

Журнилистика магистрі, Риза Исаева фактчекингтің ерекшеліктері мен үрдістері, ақпарат ағынында медиагигиенаны қалай сақтау және фэйк ақпаратты қалай білуге болатыны жайлы қатысушылармен бөлісті.

Күні бойы спикерлер интерактивті әдістерді пайдалана отырып, ақпараттың әсерін анықтау, бұқаралық ақпарат құралдарын тұтыну, ақпараттық соғыстар мен қауіпсіздік, ақпаратты растау үшін пайдаланылатың құралдармен жұмыс істеуді үйренді.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікірталастарға қатысты, сұрақтарға жауап берді, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Жаңалықтар