Іс-шарамызға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, сонымен қатар ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасарлары, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері, ғылыми-сараптама тобының мүшелері, ҚХА кафедраларының қауымдастығы және басқалар қатысты.
Кеңейтілген отырыс барысында сарапшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА-ның қалыптасуындағы рөлін талқылап, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және Қазақстанның теңдестірілген тіл саясаты туралы сөз қозғады.
Кездесуде Жансейіт Түймебаев, Мемлекет басшысы ҚХА қызметіне, оның ішінде ҒСК қызметіне үлкен көңіл бөлетінің айтты. Ал, Ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың басты міндеттерінің бірі - «Бірлік пен келісімнің қазақстандық моделінің интеграциялық әлеуетін қалайша тиімді және белсенді түрде іске асыруға болады» деген сұраққа жауап беру. Бүгінде институт ауқымды жұмыстарды бастауда жақсы қарқын алды және оған жан-жақты қолдау көрсетілетінің айтып өтті.
Өз сөзінде Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі, филология ғылымдарының докторы Элеонора Сүлейменова мемлекеттік қазақ тілі біріктіруші факторға айналып, ел халқының бірлігін одан әрі нығайтуы тиіс екенін атап өтті. Білім беру жүйесінде де, азаматтық ортада да мемлекеттік тілді оқытудың ғылыми негізделген әдістемесі қажет екенің сөзге тиек етті.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚХА-ның 25 жылдығына арналған "Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімнің 25 жылы" кітабының, сондай-ақ этносаяси сөздіктің жаңа редакциясының тұсаукесері өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды.