Конференцияның негізгі мақсаты - ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты этносаралық қатынастар саласындағы өзекті процестер мен трендтерді талқылауға тарту, сондай-ақ ұлт бірлігін одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Конференция модераторы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова болды. Спикерлер мен қатысушылар үшін алғы сөзін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөйледі.
Іс-шара барысында отандық сарапшылар этносаралық қатынастарды нығайту мен ұлттық сананы қалыптастырудағы мемлекеттің рөлін, сондай-ақ интернеттегі араздық тілін реттеу тәсілдерін талқылады. Халықаралық сарапшылар өз кезегінде өз елдерінің этносаралық қатынастарды нығайтудағы тәжірибесімен бөлісті.
Пленарлық отырыс аясында спикерлер келесі баяндамаларды ұсынды:
Панельдік сессия барысында конференцияға қатысушылар қазақ тілінің Ұлттық корпусының жобаларымен танысып, тұғырнаманы одан әрі дамыту перспективалары мен оның мемлекеттік тілді дамытудағы қолдануы бағыттарын талқылады. Қатысушылар назарына Ұлттық корпус жұмысын ҚР ҒЖБМ ҒК, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас директоры Анар Мұратқызы Фазылжанова ұсынып жариялады.
Қарар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту үшін мемлекеттің, қоғамның мен ғылым өкілдерінің бірқатар маңызды бағыттар бойынша бірлескен жұмысының қажеттілігін атап көрсетеді, олардың ішінде: этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары мен нысаналы көрсеткіштері бойынша өңірлерде түсіндіру жұмысын өткізу, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық нысандарын кеңейту, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты қолдау, азаматтық бірегейлік, бірлік пен келісім саясаты тұжырымдамалары туралы хабардарлықты арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау, халықаралық ынтымақтастық және т.б.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік этносаясатты табысты іске асыру және ұлт бірлігін нығайту үшін өңірлік ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың тартылуын арттырудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Бұл үдерісте білім беру және мәдени-ақпараттық ағарту салаларындағы пәнаралық өзара іс-қимылға ерекше рөл берілген.