Презентация Central Asia and the Caucasus Initiative (CACI), Moynihan Institute of Global Affairs at Maxwell School of Citizenship and Public Affairs, Syracuse University қолдануымен ұйымдастырылды.
Зерттеу тобының мүшелері Э. Отар, А. Садвокасова, Г. Ким және Ж. Накипбаева қатысушыларды жобаның мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдіснамасы және далалық зерттеулердің жүргізілу барысы туралы хабардар етті.
А. Садвокасова Қазақстандағы этникалық қауымдастықтарда бірегейлікті қалыптастырудағы әйелдердің рөлі мәселесіне тоқталды. Қазақстандағы қазақтар, өзбектер, күрдтер және тәжіктер санының динамикасына статистикалық шолу жасады.
Г. Ким Қазақстанның этникалық тарихына шолу жасап, азаматтық және диаспоралық бірегейліктің ерекшеліктеріне тоқталып, корейлер туралы салыстырмалы деректер келтірді.
Э. Отар мен Ж. Накипбаева Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жобаның далалық зерттеуінің презентациясын дайындады (2023 жылдың ақпаны), ауылдық және қалалық елді мекен тұрғындарын, сондай-ақ моно және полиэтникалық қауымдастықтарын зерттеуде салыстырмалы бақылау нәтижелерін көрсетті
Сұрақ-жауап кезеңінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әйелдер мен жергілікті қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері, күрдтердің диаспоралық ерекшелігі, ауыл және қала әйелдерінің жұмысбастылығы мәселелері талқыланды.
Жалпы, воркшоп халықаралық аудиторияны этникалық қауымдастық әйелдерінің азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі тақырыбымен таныстыруға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар тарапынан бұл мәселеге деген қызығушылық пен практикалық маңыздылығы атап өтілді. Шараға Жапония, Пәкістан, Өзбекстан және АҚШ-тан келген магистранттар, докторанттар мен зерттеушілер қатысты.