Құндылық ұстанымдарын түсіну адамның тіршілік әрекетін бақылау үшін ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік-саяси өзгерістерінің сипатын анықтау үшін де қажет.
Ағымдағы жылы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты этностық топтар бойынша құндылық бағдарлары тұрғысынан этносаралық қатынастарды зерделеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу аумағы Республикалық маңызы бар 3 қаланы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары) және 14 облысты қамтыды.
Қазіргі Қазақстан халқының өміріндегі аса маңызды басымдықтарды анықтау мақсатында сауалнама барысында респонденттерге «Сіз үшін ең құнды не бар?» деген сұраққа көрсетілген нұсқалар бойынша жауап беру ұсынылды.
Құндылықтарды талдау отбасы, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген өмір мен достық көш бастап тұрғанын және ел халқы үшін негіз қалаушы болып табылатынын атап өтуге мүмкіндік береді. ТОП-6-ға қызықты жұмыс, жақсы физикалық форма, еркіндік және тәуелсіздік кірді.
Бұл рейтинг таңдау респонденттердің этностық тегіне байланысты емес, жалпы негізгі өмірлік бағдарлар кешенін көрсетеді.
Адамның құндылық бағдарларының маңызды көрсеткіші оның бала тәрбиесіне деген көзқарасы болып табылады. Осы зерттеу аясында халықтың бұл процесс туралы пікірі «Сіздің ойыңызша, баланы тәрбиелеуде не маңызды?» деген сұрақ арқылы зерттелді:
«Сіздің ойыңызша, баланы тәрбиелеуде не маңызды?» %
Көріп отырғаныңыздай, адалдық пен шындық, еңбекқорлық, тәуелсіздік пен дербістік және Отанға деген сүйіспеншілік – респонденттер бірінші кезекте атаған басты қасиеттер. Бұл ретте, бүкіл халық үшін негізгі құндылықтарды жастар да белсенді қолдайды.
Өмірдің сәттілігін түсіну-адамның іс-әрекетінің бағытын бағалауға мүмкіндік беретін құндылық бағдарларының маңызды белгісі. Зерттеу барысында респонденттерге келесі сұрақ қойылды: «Сіздің ойыңызша, өмірдегі жетістік» ұғымы нені білдіреді?».
«Сіздің ойыңызша, өмірдегі жетістік» ұғымы нені білдіреді?»
Суретте көріп отырғанымыздай, өмірлік жетістік ұғымы негізгі құндылықтар: отбасының, сенімді достардың болуы арқылы халықтың да, жастардың да санасына енеді. Үшінші орында – «Лайықты адам болу» категориясы, біз көріп отырғанымыздай, жастар үшін де, бүкіл халық үшін де бірдей маңызды.
Қорытындылай келе, жалпы алғанда, Қазақстанның этностық топтарының құндылық бағдарларында елеулі айырмашылықтардың жоқ екенін айтуға болады. Бұл мәдениетаралық қатынастардың болуын көрсетеді. Яғни, зерттелген этностық топтардың өкілдері ұқсас үстем құндылықтармен, жақын болашақтағы мақсаттармен, әлеуметтенудің бірыңғай агенттерімен және жаһандану дәуіріндегі адамгершілік идеяларымен біріктірілген.
Ашимханова Дана Эзирхановна, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары