Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Өңірлердегі ҚХА ҒСТ қызметінің және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу мә

Өңірлердегі ҚХА ҒСТ қызметінің және этносаралық қатынастар  саласындағы мемлекеттік саясатын ғылыми-сарапшылық  сүйемелдеу мә
2021 жылдың 16 маусымында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі-ҚЭЗИ)

2021 жылдың 16 маусымында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі-ҚЭЗИ) өңірлерде этносаралық қатынастар және ҚХА ҒСТ қызметінің және этносаралық қатынастар  саласындағы мемлекеттік саясатын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды.

         Кездесу ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілханов төрағалығымен өтті. Кездесу жұмысына ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Е.С.Абдакасов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, ҚХА ҒСК төрағасы, ҚЭЗИ директорының орынбасары А.К.Садвокасова, сондай-ақ облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің ішкі саясат басқармаларының, өңірлердегі ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының өкілдері қатысты.

         ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР ПӘ ҚХА меңгерушісі Марат Әзілханов алғы сөз сөйлеп, азіргі заманғы жағдайлар барынша нақты тәсілді, нақты тұжырымдарды, шешімдерді және алдын алу сипатындағы бірлескен шараларды талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, ортақ тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін уақтылы кешенді жұмысты құру қажет. Жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми қоғамдастықтың өзара іс-қимылы мен тығыз ынтымақтастығының алуан түрлі жолдарын қарастыру және нығайту керек. Зерттеу компоненті мен ғылыми тәсіл проблемалық мәселелерді шешуде ғана емес, сонымен қатар одан әрі жұмыс жоспарларын жоспарлауда да маңызды рөл атқарады.

         ҚХА Ғылыми-сарапшылық топтарының атқарған жұмыстары және Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы жұмысының жаңа тәсілдері туралы ҚХА ҒСК төрағасы, ҚЭЗИ директорының орынбасары Айгүл Садвокасова айтып берді. Ол өз сөзінде өңірлердің ҒСТ 3 негізгі бағыт бойынша жұмысты жүзеге асыратынын, бұл ұйымдастыру жұмысы, ғылыми-зерттеу, ақпараттық және баспа жұмысы екенін айтты. Оның пікірінше, одан әрі даму үшін ұлттық құрылыс, инклюзивті қоғам, мәдениетаралық саясат, әлеуметтік желілердегі ксенофобияны еңсеру саясаты бойынша тақырыптар мен бағыттарды нақтылау тұрғысынан пайдалы болатын тағылымдама бағдарламаларын көздеу қажет.

Сондай-ақ, ҚХА өңірлік ғылыми-сарапшылық топтары жұмысының міндеттері мен перспективалары туралы Қарағанды облысы ҒСТ төрағасы Вилен Молотов-Лучанский және Маңғыстау облысы ҒСТ төрағасының орынбасары Алтынай Мамбетова айтып берді.

 

News