Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында
2024 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Амангелдіқызы Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына сапар салды. Сапар барысында Институт қызметкерлері Орталықтар қызметтерін таныстырып, этносаясаттағы және этносаралық қатынастардағы ағымдағы процестердің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ осы саладағы зерттеу жобаларын дамыту перспективаларын талқылады.