Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қарағанды қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті

Қарағанды қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті
2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында Қарағанды қаласында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы өңірлік және жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренингті өткізді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға 30-ға жуық Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан ҚХА қоғамдық құрылымдарының (аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ЭМБ), «Қоғамдық келісім» КММ, атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдері, педагог-психологтар, медиаторлар және т.б. белсенді қатысты.

  

Редактор ИПЭИ

News