Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайдағы даму келешегі талқыланды

Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайдағы даму келешегі талқыланды
2025 жылғы 30 сәуірде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында «Жаһандану және өңірлену: жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстанның келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара IV Ұлттық құрылтайдың қорытындыларын талқылау аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми және азаматтық қоғам сарапшылары қатысты. Олар Құрылтайда айтылған негізгі идеялар мен бастамалардың Қазақстанның стратегиялық дамуы үшін маңызын, сондай-ақ жаһандану мен өңірленудің елдің саяси және экономикалық процестеріне әсерін талқылады.

Талқылау барысында өзгермелі геосаяси жағдайда Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайту жолдары, сыртқы және ішкі саясаттың теңгерімді дамуы, ұлттық егемендікті күшейту мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға спикерлер ретінде: Талғат Қалиев – Ұлттық құрылтай мүшесі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры; Эмин Аскеров – Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, GreenTAL әлеуметтік жобасының негізін қалаушы; Нұрбек Матжани – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы; Олжас Бейсенбаев – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының тең төрағасы қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, олардың Қазақстанның дамуы мен халықаралық беделін нығайтудағы рөлін жан-жақты талқылады. Сарапшылар жаһандық және өңірлік үдерістер жағдайында елдің стратегиялық бағытын анықтау, саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.

 

Редактор ИПЭИ

News